Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар бірқатар автожолда жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизель қозғалтқышы бар көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Ақтөбе облысы
• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-234-шақырымы (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы
• «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-501-шақырымы;
• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-232-шақырымы;
• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (айналма) — РФ шекарасы (Қайрақ өткізу бекеті)» автожолының бірнеше учаскесі;
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» және «Мамлютка — Қостанай» бағыттарындағы учаскелер.
Ақмола облысы
• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл»,
• «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған»,
• «Жақсы — Есіл — Бұзылық»,
• «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы»,
• «Көкшетау — Рузаевка»,
• «Щучинск — Зеренді»,
• «Көкшетау — Атбасар»,
• «Макинск — Ақсу — Торғай»,
• «Астана айналма жолы»,
• «Астана — Қорғалжың»,
• Бурабай курорттық аймағының жолдары және оған кіреберіс жолдарда қозғалыс шектелді.
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты мына өңірлерде көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді:
Алматы облысы
• «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесінде (59-143-шақырым).
Жамбыл облысы
• осы бағыттағы 143-214, 159-238 және 534-593-шақырым аралығындағы учаскелер.
Түркістан облысы
• 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы — Машат ауылы).
Ақмола облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырымы.
Павлодар облысы
• осы жолдың 200-254-шақырымы.
Сонымен қатар, Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесінде Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол жабық.
Ауа райы
2026 жылғы 23 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Алматы және Павлодар облыстарының кей жерінде қар жауып, боран соғады.
— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
https://kaz.inform.kz/news/23-kantarda-respublika-boyinsha-kay-zholdar-zhabik-97b920/