Айдос Үкібай соңғы уақытта БАҚ беттерінде Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жалған ақпарттар тарап жүргенін атап өтті.
“Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулық жағдайы мен орналасқан жеріне қатысты түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Осыған байланысты түсіндіруді қажет деп санаймын: Сара Назарбаева сәуір айынан бастап Алматыдағы Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүргізіліп жатыр”, – деп жазды Назарбаевтың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ол көпшіліктен шынайы және расталған ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұрады.
“БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын әдептілік пен құрмет танытуға, сондай-ақ Сара Алпысқызының есімін алыпқашпа әңгімелер мен расталмаған ақпарат арқылы назар аударту мақсатында пайдаланбауға шақырамын”, – делінген жазбада.
Еске салайық, осы жылдың 5 мамырында әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сара Назарбаеваның ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат тарады. Ол кезде де президент іс басқармасының медициналық орталығы Сара Назарбаеваның госпитальде ем қабылдап жатқанын растағанымен, жағдайы туралы ақпараттың құпия екенін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді.