Желі жұлдызының әйелі Индира Мәулен блогерге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Айдарбековтер әулеті тағы бір жанмен толықты.
“Қош келдің, ұлым, Әміре”, – деп жазды Заңғар.
Желі қолданушылары жаппай тілектерін білдіріп жатыр.
“Құтты болсын”, “Жұлдызың қызы бақ болып келді”, “Рабия інілі болып жатыр екен”, “Қандай күшті жаңалық, құтты болсын” деп жазды көпшілік.