Мәзір
13 қазан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме?

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов биыл есірткі қылмыстары бойынша ұсталған кәмелетке толмағандардың саны артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме? Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 13 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме?
фото: charinporn thayot / Getty Images

"2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 61 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл көбірек. Олардың ішінде 40-ы  колледж студенттері, 10-ы мектеп оқушылары. Барлығы есірткі жасырумен айналысқан", - деді Әмірханов.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

"Есірткі сату үшін де жауапкершілік 16 жастан қарастырылған. Кей адамдар бұл жасты 13-ке дейін түсіруді ұсынады, бірақ ол тек аса ауыр қылмыстарға қатысты. Ал есірткі сату бойынша жауапкершілік жасы өзгермейді", - деп түйіндеді ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2