Ұлттық банк төрағасының айтунша, үкімет ауқымды салық реформасын жүргізуге мәжбүр болған. Реформа инфляцияның өсуіне әкелсе де, бұл әсер уақытша болмақ.
“Баға көтеріледі, шарықтау кезеңі болады, бірақ содан кейін жағдай біртіндеп тұрақталады, бұл кезеңнен өтеміз. Біз инфляцияның ақшалай және сұраныс бөлігін реттеп отырмыз, яғни экономикада артық ақша айналымының болмауына назар аударамыз”, – дейді Сүлейменов.
2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
Жаңа Салық кодексі бойынша "жеңілдетілген" салық режимінде қалатындардың тізімі жарияланды
Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк тұтынушылық емес, жинақтауға бағытталған моделді ұстанады.
“Адамдарға қазір ақшасын тағы бір теледидар немесе тоңазытқыш сатып алудан гөрі, депозитке салу қызықтырақ болуы үшін жағдай жасалуда. Біз тұтынушылық емес, жинақтауға негізделген мінез-құлық моделін ынталандырып отырмыз”, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, салық реформасы қажет, себебі бұған дейін үкімет жиі Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге сүйеніп келген.
“Салық реформасы қажет, өйткені біздің шығындарымыз көп, ал мұнай-газ саласындағы кірістер жеткіліксіз. Біз Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге сүйеніп келдік. Бұл дұрыс емес. Біз болашағымызды тауысып отырдық. Сондықтан үкіметке ауқымды салық реформасын жүргізуге тура келді”, – деді Тимур Сүлейменов.