Қазір сот санкциясымен қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынған.
«Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жердегі басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», - делінген министрдің депутаттық сауалға берген жауабында.
Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттердің төбелесі 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бұрын тараған ақпараттарға қарағанда, клиент дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кетпек болған. Төбелес сол үшін туындаған. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт жақтастарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жыққан. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген.