Мәзір
29 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Саясат

Ғани Бейсембаев қызметінен босатылып, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатып, Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ғани Бейсембаев қызметінен босатылып, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды Ғани Бейсембаев қызметінен босатылып, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Фото: parlam.kz

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.

2022 жылы Оқу-ағарту вице-министрі болған Ғайни Бейсембаевты президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 4 қаңтарда Оқу-ағарту министрі етіп тағайындады.

Оның орнына Тоқаев экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованы тағайындады.

Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған:

Бакалавриат – "Тарих" мамандығы;

Магистратура – "Философия және саясаттану" мамандығы;

Докторантура (2008–2011) – “Философия және саясаттану” мамандығы. Сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Корея, Литва, Финляндия университеттерінде біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Ақтөбе институтындағы Алматы экономика және статистика академиясының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастаған.

Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәні мұғалімі;

Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары;

Халықаралық Бизнес академиясында студенттермен жұмыс жөніндегі декан;

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Білім саясаты және бағдарламалары департаментінің аға менеджері;

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Даму департаментінің директоры (2017–2021 ж. қаңтар) қызметтерін атқарған.

2023 жылдың наурызынан бері AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2