Мәзір
18 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Әскерде қандай сұмдық болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жасады

Алматы облысының әскери бөлімінде асылып қалды деген 19 жастағы Дінмұхаммед Шынарбектің анасы билікке үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Әскерде қандай сұмдық болып жатқанын білесіз бе?": қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жасады "Әскерде қандай сұмдық болып жатқанын білесіз бе?": қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: видеодан алынды

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Президент мырза, біздің армияда не болып жатқанын білесіз бе? Аналар баласыз қалуы керек пе? Жас жігіттердің өмірі үзілуі керек пе? Бұл қандай армия? Сіздің қызметкерлеріңіздің ар-намысы мен беделі тапталып жатыр ғой. Неге солай болып жатыр? Неге олар бақылауға алынбайды? Министр мырзалар, мұның бәрі неге назардан тыс қалуы тиіс? Аналар, ұлдарыңызды әскерге жібермеңіздер. Әскердегі тәртіп өзгерді деп сеніп, баламызға ештеңе болмайды деп жібердік. Енді біз оның мәйітін алып кеткелі тұрмыз. Балаларыңызды әскерге жібермеңіздер", - дейді сарбаздың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы әскери бөлімде сарбаздың қайтыс болғаны туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.

Ресми ақпарат бойынша, жігіт өзіне-өзі қол жұмсаған, бірақ туыстары бұған сенбейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2