Мадина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң эобасында енді екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй депозитін ашуға рұқсат беру туралы өзгеріс бар екенін мәлімдеді.
«Қазір Қазақстанда «Отбасы банк» қана тұрғын үй құрылыс жүйесімен жұмыс істейтіні белгілі. Сол себепті бұл банктегі ипотека басқа банктердің ипотекасынан әлдеқайда арзан. Енді біз «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасында басқа коммерциялық банктерге де тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік беруді ұсынып отырмыз. Коммерциялық банктер тұрғын үй депозитін ашса, олар төмен пайызбен ипотекалық несие бере алады», - деп хабарлады Әбілқасымова.
Айта кетейік, қазір қазақстандықтар тек «Отбасы банктен» ғана тұрғын үйге ақша жинайтын депозит аша алады.