Мәзір
Бүгін, 20:09 / BuginMedia / Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанып, мансабында екінші рет "алтын" жеңіп алды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында Тәшкенбай Моңғолия спортшысы Алдархишиг Баттулгыны айқын басымдықпен ұтты.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласынан басым болды.

Айта кетейік, бұл – Тәшкенбайдың әлем біріншілігіндегі екінші жеңісі. Бұған дейін ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. 

Махмұд финалдық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2