92 келіде Сағындық Тоғамбай ширек финалда турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, қандасымыз Мадияр Саидрахимовтан басым түсті.
Қос боксшы да шаршы рингтің ортасын бермеуге тырысқанымен, жерлесіміз ауыр-ауыр соққыларын жиі дарытты. Нәтижесінде 2-раундта төреші қарсыласқа есеп ашты. Қорытынды есеп: 5:0.