Мәзір
9 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстанда «smart» жолдар салынып, пилотсыз көліктер жүре бастайды

Қазақстанда «smart» жолдар салынып, бұл жолдар бойынша пилотсыз көліктер жүре бастайды. Бұл туралы Үкімет сағатында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты, деп хабарлады buginmedia.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда «smart» жолдар салынып, пилотсыз көліктер жүре бастайды Қазақстанда «smart» жолдар салынып, пилотсыз көліктер жүре бастайды
Фото: softline.ru

Вице-министр, әзірге елде пилотсыз көлік құралдарын пайдалану бойынша құқықтық нормалар әлі нақтыланбағанын айтты. Десе де, жасанды интеллект, робототехника, байланыс салаларын дамыту бүгінгі күні ғлыми технологиядағы ең перспективалы бағыттардің бірі саналады. Осыған орай министрлік пилотсыз құралдардың қызметін нысаналы реттеу үшін қолданыстағы заңнамалық актілерге түзетулер әзірленгенін хабарлады.

«Осы кезеңде негізгі ұғымдар мен уәкілетті органдардың құзыреттері көзделген. Түзетулер алдын ала барлық мемлекеттік органдармен келісілді. Оны осы жылдың аяғына дейін қабылдаймыз», – деді Қалиақпаров.

Пилотсыз көліктерді қолдану мәселесін заң аясында шешкенімен, елде тиісті инфрақұрылым болмаса, оның еш пайдасы болмай қалады. Сондықтан министрлік, пилотсыз көліктер арқылы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін «smart» жолдарды салу мүмкіндігі қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Елде мұндай тәжірибе бар. Қазақстан – Қытай шекарасындағы Бахты – Покиту арасында жүзеге асырылып жатқан пилотсыз жүк тасымалы жүзеге асырылады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2