Мәзір
5 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда 13 тонна кокаин есірткісімен екі шетелдік ұсталды

Алматы қаласында екі күдікті 13 тонна 183 килограмм кокаинмен ұсталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, бұл Қазақстан тарихында бір жолы тәркіленген ең ірі есірткі партиясы, деп хабарлады buginmedia.kz.

Алматыда 13 тонна кокаин есірткісімен екі шетелдік ұсталды Алматыда 13 тонна кокаин есірткісімен екі шетелдік ұсталды
Фото: видеодан алынды

ҰҚК хабарлағандай, күдікті ретінде екі шетел азаматы ұсталған. Олар бұндай аса ірі көлемдегі есірткіні Қазақстан арқылы үшінгі елдерге транзин жасамақшы болған екен.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операция өткізді. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік партия - 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткісі тәркіленді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2