Мәзір
4 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Рэпер Qarakesek есірткіге мас күйінде ұсталды

Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткілік масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталды, деп хабарлады buginmedia.kz.

Рэпер Qarakesek есірткіге мас күйінде ұсталды Рэпер Qarakesek есірткіге мас күйінде ұсталды
Фото: chordify.net

Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.

Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алдын ала дерек бойынша, ұсталған рэп-орындаушы Qarakesek (Омар Амантаев). Қылмыстық іс қозғалды.

Сот рэп орындаушысын 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. 

”Омар Қайратұлы Амантаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, ол 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынсын және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылсын”, – делінген сот хабарламасында. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2