Мәзір
Бүгін, 09:06 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 38 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 38 градусқа дейін ыстық болады Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 38 градусқа дейін ыстық болады
Фото: Pinterest

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, сонымен қатар найзағаймен жаңбыр жауады. 04–05 қыркүйекте еліміздің батысында, 05–06 қыркүйекте солтүстік-батысында бұршақпен және екпінді желмен қатты жаңбыр болжанады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық аймақтарда, сондай-ақ 05–06 қыркүйекте шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Шығыста, 5 қыркүйекте солтүстік-шығыста, 4–5 қыркүйекте орталықта түнгі уақытта ауа температурасы 2–10 жылы шамасында болып, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндізгі температура:

батыс аймақтарда 18–33 градустан 15–27 градусқа дейін төмендейді;

солтүстік облыстарда 17–28 градустан 25–30 градусқа дейін көтеріледі;

орталықта 20–32 градустан 25–35 градусқа дейін жылы болады;

шығыста 12–25 градус жылы күтіледі;

оңтүстікте 30–35 градустан 33–38 градусқа дейін ауытқиды;

оңтүстік-шығыста 22–30 градустан 28–33 градусқа дейін жоғарылайды;

таулы аймақтарда 12–17 градустан 18–23 градусқа дейін жылы болады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2