Мәзір
2 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Семейде 21 жастағы студент өмір бойына сотталып кетті

Абай облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Семейде балаларға қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған 21 жастағы заң факультетінің студентіне үкім шығарды, деп хабарлады buginmedia.kz.

Семейде 21 жастағы студент өмір бойына сотталып кетті Семейде 21 жастағы студент өмір бойына сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Айыпталушы 2022 жылғы мамырда және 2025 жылғы қаңтарда 12 және 13 жастағы балаларға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Сондай-ақ, оған балалармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу ұсынылды.

Жәбірленушілердің заңды өкілдері прокурордың ұстанымын қолдады.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындамады және өзін ақтауды сұрады.

Сот студентті кінәлі деп танып, қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Оған балалармен байланысты кез келген қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2