Мәзір

Ресей прокуратурасы Тимур Турловқа қатысты сотқа жүгінді

Ресей прокуратурасы Тимур Турловқа қатысты сотқа жүгінді Ресей прокуратурасы Тимур Турловқа қатысты сотқа жүгінді
© Секрет Фирмы

Ресейдің Бас прокуратурасы қазақстандық кәсіпкер, FIDE президенті Тимур Турлов пен оған қатысты бірқатар компанияға қарсы сотқа талап арыз түсірді. Бұл туралы РБК жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Талап арыз Мәскеудің Тверь аудандық сотына Ресей бас прокурорының орынбасары атынан берілген. Іс бойынша жауапкерлер қатарында Тимур Турловтан бөлек Freedom Holding Corp., Freedom Finance Europe Ltd., V-Empirical Holding Corp. және Аркадий Щукин бар.

Бас прокуратураның қандай талап қойғаны әзірге жарияланған жоқ.

Талап арыздың түсуі Тимур Турловтың FIDE президенті болып сайланғанынан бірнеше күн өткен соң белгілі болды. Ол 26 қыркүйекте өткен сайлауда Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланып, бұл қызметте бұрынғы Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичті алмастырды.

Freedom Holding компаниясы кейін сотқа қатысты түсініктеме берді. Компания өкілдерінің айтуынша, холдинг талап арыздың мәнін зерттеп жатыр.

«Бас прокуратура холдингке және бірқатар басқа компанияға азаматтық талап арыз берді. Біз әзірге бұл талаптың мәні мен оның дұрыстығына қатысты түсінбей отырмыз. Мәселені зерттейміз. Холдингтің қызметіне елеулі қауіп төніп тұрғанын көріп отырған жоқпыз. Ресейде активтеріміз жоқ, холдингтің өзі Ресей аумағында қызмет жүргізбейді», – деп мәлімдеді Freedom Holding.

РБК мәліметінше, Freedom Holding Ресейдегі бизнесін 2022–2023 жылдары бөлген. Ресейдегі инвестициялық компания мен банк Максим Повалишинге сатылып, 2023 жылы мәміле мақұлданған. Кейін бұл құрылымдар «Цифра брокер» және «Цифра банк» атауына ауысты.

Тимур Турлов 2022 жылы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған. Қазіргі таңда Freedom Holding өзін қазақстандық қаржы тобы ретінде таныстырады.

Сот ісі бойынша алдын ала тыңдау 15 қазанға белгіленген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2