Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
алғашқы жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге),
қайталанған жағдайда – 30 АЕК (117 960 теңге).
«ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасы
Мектептер мен колледждерде буллингтің алдын алу үшін «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілуде. Бағдарлама аясында аптасына бір рет жеке қауіпсіздік сабағы өткізіледі. Бұл сабақтар:
барлық балабақша, мектеп пен колледжде өтеді;
әр сынып сағатында 10 минутқа созылады;
тақырып жылына үш рет қайталанады.
Балаларға арналған қауіпсіздік сабақтары
Сабақтарда мына тақырыптар қамтылады:
интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері;
алаяқтықтан қорғану жолдары;
төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер;
зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Психологиялық көмек орталықтары
Қазіргі таңда балаларға арналған 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық мектептерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары ілінген. Оқушылар құқығы бұзылған жағдайда анонимді түрде хабарласа алады. Өтініштер тәулік бойы қабылданып, өңделеді.