Мәзір
26 тамыз, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Қайрат 2022 жылы тағы үйленген»: Гүлзира Айдарбекова ұлының «екінші отбасы» туралы айтты

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты жалған ақпарат таратқан адамды сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Қайрат 2022 жылы тағы үйленген": Гүлзира Айдарбекова ұлының «екінші отбасы» туралы айтты "Қайрат 2022 жылы тағы үйленген": Гүлзира Айдарбекова ұлының «екінші отбасы» туралы айтты
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

«Қайратттың екінші отбасы бар. Қызылорда облысы Қазалы ауданының қызы. 2022 жылы үйленді», – деп жазған желі қолданушысы.

Айдарбекованың айтуынша, әлеуметтік желі қолданушысы әншінің жеке өміріне байланысты шындыққа жанаспайтын пікір жазған. Продюсер бұл әрекетті жала деп бағалап, заң аясында жауапқа тартуды көздеп отыр.

«Осы сөзіңіз үшін жауап бересіз. Бәрін дәлелдейсіз. Осындай жала жапқаның үшін сотқа беремін. Дайын бол. Фейк аккаунтты да табу қиын емес», – деп жазды продюсер.

Апта талқысында: