Айтуынша, үй құрылысын демеуші қаржыландырған.
- Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне, батыр. Десе де, халық өз батырын білуі керек. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді, - деп жазды ол.
Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Жақында прокуратура Шерзаттың әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу әзірге тоқтап тұрғанын хабарлады.