Мәзір
Бүгін, 16:53 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қаскелеңде әкімдік алдында жалғызбасты ана өзін алты баласымен қоса өртемек болды

Қаскелеңде Қарасай аудандық әкімдігінің алдында жалғызбасты ана алты баласымен бірге өзін өртемек болды,  деп хабарлайды buginmedia.kz. Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскелеңде әкімдік алдында жалғызбасты ана өзін алты баласымен қоса өртемек болды Қаскелеңде әкімдік алдында жалғызбасты ана өзін алты баласымен қоса өртемек болды
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден

Оның айтуынша, мұндай қадамға баруына баспана дауы себеп болған. Әйелдің жаңадан сатып алған үйін бұрынғы иесі заңсыз деп танып, сотқа берген. Алғашқы сотта ол жеңіп шыққанымен, апелляциялық сот шешімі керісінше болып, жеңіліп қалған.

Ана 20 тамыз күні үйден шығарылатынын айтып, наразылық белгісі ретінде әкімдік алдына келген. Әкімдік өкілдері оған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, істі аудан әкімінің орынбасары жеке бақылауға алатынын жеткізді.

Апта талқысында: