Өнер иесі жақында тұрмысқа шыққан болатын.
Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында өмірі жаңа мәнге ие болғанына риза екенін жазды.
"Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді – тіпті қоршаған ортам. Біреулер кенеттен және түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу жеңіл, дәл уақытында келді. Жаңа адамдармен жаңа мағына пайда болды. Өзің өзгерген кезде айналаңдағы әлем қалай өзгергенін көрген қызық. Мен бәріне ризамын. Әсіресе қазір жанымда жүрген жандарға. Кейде барлығын бірден көрсетіп, айтқым келеді. Бірақ мен кішкене ырымшыл адаммын. "Бақыт және ақша тыныштықты жақсы көреді" дегенге сенемін. Сондықтан ең маңызды нәрселер ешқандай шусыз жүректе қалсын", - деп жазды актриса.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір білдірген – кейбірі оның не айтқысы келгенін түсінбей қалса, басқалары актрисаға бақыт тілеп жатыр.
"Қалай құттықтайтынымызды түсінбей қалдық қой, үш рет оқыған мен ғана ма? Бәрін білем, айтып берем, менің парақшама өтіңдер", "Бастысы бақытты бол, қалғаны – өмір", "Мен өзіңмен біргемі, алтыным" , - деп пікір қалдырған олар.