Мәзір
Бүгін, 12:23 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Жасырмаймын»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы айтылған сын-пікірлерге жауап берді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Жасырмаймын»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы күтпеген мәлімдеме жасады «Жасырмаймын»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Өнер иесі соңғы уақытта жұрт арасында «Дариға Бадықова тез байып кетті» деген пікір айтылып жүргенін атап өтті. Алайда ол мұндай пікірмен келіспейтінін айтып, бүгінгі жетістігіне көп жылғы еңбегінің арқасында жеткенін жеткізді.

«Дариға Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, «дұрыс па, бұрыс па» деп қорыққан кездерім болды. Ең бастысы адалдық, ешкімді құнсыздырмай, мән-жайды біліп отырдым. 20 жылда еңбектің наны жеу орынды шығар», – деп жазды Дариға Бадықова.

Актриса өз еңбегін бағаламай, жетістігін мойындағысы келмейтін адамдардың бар екенін де айтты. Оның сөзінше, кей кездері өзінің жетістігін басқа адамдардың еңбегімен байланыстыратын пікірлерді де естіген.

«Көп нәрсе айтқым келеді, затым әйел болса да, жігіттілігім бар ма бірдеңе ше… Менің өмірімде «менің арқамда сен осындай болдың» дегенді де естідім. Сонда менің талантым қайда? Пысықтығым қайда? Оқығандығым қайда? Тірлік бастағаным қайда? Жеме-жемге келгенде бағым қайда? Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем алмаймын, өздеріңіз шет жағасын білесіздер», – деді Дариға Бадықова.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2