Мәзір
13 тамыз, 2025 / BuginMedia / Саясат

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы тұтқындалды

Оңтүстік Корея соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Елдің әйелін қамауға алуға ордер берді. Ол пара алды, алаяқтық жасады және сайлауға араласты деп айыпталып отыр, деп хабарлайды buginmedia.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы тұтқындалды Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы тұтқындалды
Фото: Jung Yeon-Je - Pool/Getty Images

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Ген Хиге қатысты қудалау – елдің жаңа басшылығы бастаған үш арнайы прокурорлық тергеудің бірі. Телеарна қазір билікте либералдық партия тұрғанын, ал бұрынғы президент Юн консервативтік партияның мүшесі болғанын атап өтті.

"Юнның биліктен кетуі Оңтүстік Кореядағы сәтсіз мемлекет басқарудың жалғасы болғанымен, Ким және экс-президент бір уақытта қылмыстық айып тағылып, тұтқындалған алғашқы президенттік жұп болды", - делінген баяндамада.

Сот тыңдауына келген Ким Ген Хи Сеул сотының алдында тілшілермен сөйлеспеді. Бұрынғы бірінші ханым Сеулдің оңтүстігіндегі тергеу изоляторына, Юн отырған мекемеден бөлек жерге орналастырылды.

Әйелді тұтқындау туралы шешім қабылданғанға дейін одан жеті сағаттай жауап алынғаны айтылады.

"Ким өткен аптада жауап беру кезінде журналистермен аз-кем тілдесіп, қоғамдық алаңдаушылық тудырғаны үшін кешірім сұрағандай болды, сонымен қатар оған тағылған айыптарды жоққа шығаратынын да білдірді", - деп хабарлады телеарна.

Ал тергеу Ким мен Юн 2022 жылғы парламенттік қосымша сайлауға белгілі бір кандидатты ұсыну үшін консервативті партияға заңсыз әсер етті деп санайды.

Сонымен қатар Ким Ген Хиге сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, ол шенеуніктерден олардың мүдделерін қорғау үшін қымбат сыйлықтар алған. Бұған қоса, бұрынғы президенттің әйелі акциялардың бағасын манипуляциялау схемасына қатысы бар болуы мүмкін.

"Юн қызметте болған кезде әйеліне қатысты тергеу жүргізу туралы үндеулерден бірнеше рет бас тартып, оларды негізсіз саяси шабуыл деп атады", - деп жазады журналистер.

Апта талқысында: