Мәзір
11 тамыз, 2025 / BuginMedia / Білім

Тамыздағы ҰБТ басталды

10 тамызда тамыздағы ҰБТ басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды buginmedia.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Тамыздағы ҰБТ басталды Тамыздағы ҰБТ басталды
Фото: inform.kz

Тестілеуге қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ға жуығы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

Өткізудің бірінші күні 2,2 мың адам ҰБТ тапсырады.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады.

ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды жоо-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетсек, тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz 25 шілде мен 5 тамыз аралығында жүргізілді.

Апта талқысында: