Мәзір
8 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Қатты жауын мен бұршақ»: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қатты жауын мен бұршақ»: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды «Қатты жауын мен бұршақ»: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: earth.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – найзағаймен жаңбыр жауады,

Солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін.Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптапты ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Оңтүстік өңірлерде қатты аптап сақталады – 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін. Батыс Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.

Апта талқысында: