Мәзір

Қазақстанда алдағы екі айда ауа райы жылы болады

Қазақстанда алдағы екі айда ауа райы жылы болады Қазақстанда алдағы екі айда ауа райы жылы болады
ашық дереккөз

Қазақстанның көп бөлігінде қазан айы әдеттегіден жылы өтеді. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Температура Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында және Абай облысында климаттық көрсеткіштерге жақын болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері көптеген өңірде қалыпты деңгейде сақталады. Дегенмен елдің қиыр батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын әдеттегіден көп болуы ықтимал.

Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың жазық аумақтарында, орталық облыстардың оңтүстігінде және Абай облысында жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады деген болжам бар.

Министр қараша айының да жылы болатынын айтты.

«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, қараша айы жылы болады. Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарының солтүстігінде жауын-шашын мөлшері көп болады деп болжануда», – деді Әлібек Қуантыров.

Оның сөзінше, құрғақшылық солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның басым бөлігінде байқалған. Ұзаққа созылған құрғақ кезеңдер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Абай облыстарында және Жетісу облысында тіркелген.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап «Қазгидромет» ауа райын болжауда жасанды интеллект элементтері бар цифрлық технологияларды пайдаланып келеді. WRF моделі 48 сағаттан 10 тәулікке дейінгі ауа райы болжамын жасайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2