Мәзір
7 тамыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстанда коммуналдық тарифтер тағы 20-30%-ға қымбаттайды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев Қазақстанда 2026 жылы коммуналдық тариф тағы 20-30 %-ға қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда коммуналдық тарифтер тағы 20-30%-ға қымбаттайды Қазақстанда коммуналдық тарифтер тағы 20-30%-ға қымбаттайды
Фото: dvizhenie.ru

Комитет басшысының айтуынша, тарифтердің өсу себебі энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобамен байланысты.

Тарифтердің біртіндеп қымбаттайды. Жүктеменің бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.

«Яғни, алынған қарыз қаражаты тарифке енгізіледі, бұл негізгі қарыз сомасы мен сыйақы мөлшерлемесі. Алайда тарифке түсетін қысымды азайту үшін республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, сыйақының 10%-ы тарифке енгізілсе, одан асатын бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша, тарифтің күрт өсуін болдырмаймыз», – деді спикер.

Оның айтуынша, келесі жылға тарифтер шамамен  20–30% өседі. Сондай-ақ ол жыл сайынғы өсім де осы шамада болмақ.

Апта талқысында: