Мәзір
Бүгін, 13:31 / BuginMedia / Әлеумет

SAT-NS салған тұрғын үйдің қасбеті құлады: астаналықтар жауапты органдарға үндеу жасады

Астанада бірнеше тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлаған. Бұл туралы Instagram-дағы astana_typical парақшасында жазылған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

SAT-NS салған тұрғын үйдің қасбеті құлады: астаналықтар жауапты органдарға үндеу жасады SAT-NS салған тұрғын үйдің қасбеті құлады: астаналықтар жауапты органдарға үндеу жасады
Фото: видеодан алынды

Бұған дейін Астанадағы Apple City тұрғын үй кешенінің қасбеті құлағаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін парақшаға Бөкейхан көшесі, 25Г мекенжайындағы үйде және мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлерде де осындай жағдай болғаны туралы хабарламалар келіп түскен.

Жарияланған кадрларда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасының едәуір бөлігі құлап, ғимараттың қабырғасы ашық қалғаны көрінеді.

Парақша авторлары мұндай жағдайлардың қайталануына байланысты елордадағы тұрғын үйлердің қабеттерінің қауіпсіздігіне қатысты мле әсекөтерді. Тұрғындар ғимараттар пайдалануға берілгеннен кейін бірнеше жыл өткен соң қаптамалардың бекітілу сапасы мен техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеруді сұрап отыр.

«Фасад биіктіктен құласа, бұл ғимараттың сыртқы көрінісіне қатысты мәселе ғана емес. Бұл – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді», – делінген жазбада.

Парақша авторлары Астана әкімдігі мен бірқатар жауапты органдарды тек кезекті оқиғадан кейін салдарын жоюмен шектелмей, тұрғын үйлердің қасбеттерін алдын ала тексеруге шақырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2