Мәзір
7 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тікұшақ апаты: Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді

Жоғалған тікұшақты іздеу кезінде Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тікұшақ апаты: Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді Тікұшақ апаты: Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді
Фото: kt.kz

"25 шілдеде Қорғаныс министрлігінен Отырарда тікұшақ жоғалғаны туралы хабар алдық. Сол сәттен бастап, жедел іздестіру жұмыстарын бастадық. Берілген бағыт бойынша тікұшақтармен тексердік. Сорбұлақ су қоймасын қарадық. Қазғарыштан алған суреттерден қарағанда жанар-жағармайдың ба ізі болды. Сорбұлақ су қоймасына жақын жерден тікұшақтың бірнеше бөлшегін таптық. Содан бастап штаб құрылып, іздеу жұмыстары басталды", — деді Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев журналист сауалына жауап беріп.

Вице-министр 10 күннен астам уақыт өтсе де, өкінішке қарай тікұшақ табылмай жатқанын айтады. 

"Сорбұлақтың 50 пайыздайын тексердік. Барлық іздестіру жұмысы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен өтіп жатыр. Біз күш-құралдарымызды бердік. Қазір таң атқаннан күн батқанға дейін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сорбұлақ суының тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Асты батпақ. Тіпті 1 метр тереңдік көрінбейді, лай", — деді Кеген Тұрсынбаев.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен. Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғаны белгілі болды. 

Апта талқысында: