Ол кезінде режиссер Талғат Теменовке айтқан сөздеріне өкінетінін айтып, көпшіліктің алдында кешірім сұрады.
Сұхбат барысында Баян Алагөзова жұлдыз болу жолында Теменовтың еңбегін бағаламай, қателікке жол бергенін айтты.
«Мен неге топтағы қыздар танымалдыққа жеткен сәттерінде мені тастап кететінін, қандай қателік жасағанымды түсінбейтінмін. Кейін жауабын таптым: мен де бір кездері дәл осылай жасаған екенмін. Сол себепті Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол мені қарапайым Баяннан бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдыз еткен болатын», — деді продюсер.