Мәзір
6 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Куә ретінде сұралды»: полиция Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың мәлімет жариялады

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жол апатына ұшыраған жұбайына қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Куә ретінде сұралды»: полиция Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың мәлімет жариялады «Куә ретінде сұралды»: полиция Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың мәлімет жариялады
Фото: qaz365.kz

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне ресми пікір білдірген.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу әрекеттері аясында оқиғаның шынайы жай-күйін анықтауға бағытталған барлық қажетті процестік шара жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Қазіргі уақытта аталған азаматша қорғау құқығы бар куә ретінде сұралды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада жатыр. Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – делінген облыстық ПД мәліметінде.

Айта кетейік, осыған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі жантүршігерлік апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Апта талқысында: