Мәзір
4 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алдағы үш күнде қатты жаңбыр және бұршақ жауады

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны жылжып, соған байланысты найзағайлы жаңбыр, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алдағы үш күнде қатты жаңбыр және бұршақ жауады Алдағы үш күнде қатты жаңбыр және бұршақ жауады
Фото: earth.com

6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, 7 тамызда республиканың солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.
Елдің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі ауа температурасы +2…+13°С-тан +5…+18°С-қа дейін, күндізгі температура +15…+25°С-тан +18…+30°С-қа дейін жоғарылайды.

Апта талқысында: