Мәзір
3 тамыз, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Атырауда телефонындағы барлық деректі өшіріп, ғайып болған жігіт өлі табылды

Бұған дейін телефонындағы деректерін өшіріп, із-түзсіз жоғалған 24 жастағы Жасұлан Үмбетов өлі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz  "АқЖайыққа" сілтеме жасап.

Атырауда телефонындағы барлық деректі өшіріп, ғайып болған жігіт өлі табылды Атырауда телефонындағы барлық деректі өшіріп, ғайып болған жігіт өлі табылды
Фото: azh.kz

Басылымның жазуынша, бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жас жігіт Жилгородоктағы жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты марқұмның туыстары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері растады. Оның сүйегі бүгін Жайық өзенінен табылды.деп хабарлайды buginmedia.kz  

Бұған дейін отбасы оның үйден шығар алдында телефонын қалдырып кеткенін, оның жады мен байланыс нөмірлерін толығымен тазалап тастағанын хабарлаған. Камера оны соңғы рет Алмагүл шағынауданында тіркеген.

Апта талқысында: