Бұл туралы ҚазТАГ пен Elmedia дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған нұсқаларда, Аблалиевтің пара алу фактісімен ұсталғаны айтылуда. Атап айтқанда, 78 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара және заңсыз мүдделерді қорғаумен айналысқаны туралы болжамдар бар.
Elmedia таратқан мәліметке сәйкес, республикалық маңызы бар автожол құрылысына техникалық бақылау жүргізген компанияларға қамқорлық көрсету мақсатында қаражат аударылған болуы мүмкін. Бұл туралы тергеу барысында мәлім болды.
«Тергеу бұл әрекетті жай ғана отбасы тарапынан көрсетілген қолдау емес, республикалық жолдардың құрылысын қадағалаған компанияларға қамқорлық үшін төленген ақы деп санайды», деп хабарлады басылым.
Арнайы операцияны елордадағы жаңадан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімі жүргізген.
Сәтжан Әйтенұлы 2023 жылғы 6 қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан көлік вице-министрі қызметін атқарады. Ол бұл қызметінің алдында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Биікжал ауылында дүниеге келген. Ол Алматы автомобиль-жол институтының «Инженер-құрылысшы» мамандығы және Қазақ қатынас жолдары университетін «Инженер-экономист» мамандығын бойынша тәмәмдаған.
Бүгін таңертең ғана Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев көлік қызметкерлері күніне орай екі жүзге жуық қызметкерге мемлекеттік наградалар тапсырған еді.