Нұрлан Рахметов 1965 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1987 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап, кейін физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында бастап, кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде математикалық анализ пәнінен дәріс берген.
1990-жылдардың соңынан бастап мемлекеттік басқару және қаржы-экономика саласында қызмет атқарды.
Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, Мемлекеттік кірістер министрлігінің Талдау және болжау департаментінің директоры, Мемлекеттік кіріс вице-министрі және Қаржы вице-министрі болды.
2006–2008 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетін басқарды.
Нұрлан Рахметов ұлттық компанияларда да басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «ҚазТрансГаз» және Intergas Central Asia компаниялары бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2008 жылдың қараша айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының құрамына кіріп, басқарушы директор лауазымында еңбек етті.