"Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған. Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды", - деп жазды заңгер әлеуметтік желіде.