Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы көбейеді. Бұл өзгеріс бұрын ауыл мәртебесіне ие болып, қазір қала мәртебесіне өткен елдімекендерде орналасқан мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне қатысты.
Жалақы өсімі кемінде 25 пайызды құрап, елдімекеннің мәртебесі өзгерген күннен бастап екі жыл бойы төленеді.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық елді мекен санатынан қайта құрылған қалалық елді мекенде орналасқан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға елді мекеннің санаты қайта құрылған күннен бастап екі жыл бойы жоғарылатылған айлықақы (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленеді", - делінген қаулыда.
Қаулы 2025 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 10 қаңтардан бергі еңбек қатынастарын қамтиды.