Мәзір
25 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Перизат Қайратқа сот үкімі бүгін шығады

Ерікті Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі 2025 жылдың 25 шілдесінде шығады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Перизат Қайратқа сот үкімі бүгін шығады Перизат Қайратқа сот үкімі бүгін шығады
Фото: tengrinews.kz

Астана сотының хабарлауынша, үкім сағат 15:00-де оқылады.

Айта кетейік, бұған дейін жарыссөз барысында айыптау тарапы айыпталушы Перизат Қайратқа мүлкін тәркілей отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Оның анасы Ғайни Алашбаева үшін прокурорлар 8 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды.

"Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қайырымдылық үшін қаражат жинаумен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындауды сұраймыз", – деді прокурор.

Апта талқысында: