Мәзір
24 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Ресейдегі ұшақ апаты: жолаушылар тізімінде болған әйел аман қалған

Ресейдің Амур облысында құлаған Ан-24 ұшағындағы жолаушылар тізімінде болған әйел тірі қалды. Ол соңғы сәтте ұшаққа мінбей, кетіп қалған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ресейдегі ұшақ апаты: жолаушылар тізімінде болған әйел аман қалған Ресейдегі ұшақ апаты: жолаушылар тізімінде болған әйел аман қалған
Фото: East2west News

"Известия" басылымының ақпаратынша, әйел немересі ауырып қалғандықтан, әуежайдан үйіне қайтқан.

"Немерем ауырып қалғандықтан үйге қайттым. Балаларымның жанында қаламын деп шештім", – деді әйел.

Әйел Тында қаласына пойызбен барған. Айта кетейік, ұшақ апатынан тірі қалғандар жоқ.

Еске салсақ, 24 шілде күні Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 ұшағының жоғалып кеткені туралы хабар тараған. Кейін ұшақтың сынықтары Амур облысындағы Тында қаласынан 15 км қашықтықта табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 49 адам – 38 ересек, бес бала және алты экипаж мүшесі болған. Ұшақ апатына техникалық ақау мен адам факторы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Апта талқысында: