Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отырғандықтан, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, 1 қыркүйек, дүйсенбі күні демалыс болады.
Нәтижесінде қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері, яғни үш күн қатарынан демалады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін демалысқа байланысты 2025–2026 жаңа оқу жылының 2 қыркүйекте басталатынын мәлімдеді.