"Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақытын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді",- дейді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, қазақстандықтар тамыз айында күнтізбеге сәйкес 30 тамыз — Конституция күніне орай бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі), алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі) демалады.