Мәзір
Бүгін, 12:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алдағы үш күнде найзағайлы жаңбыр, 43°С дейін ыстық күтіледі

"Қазгидромет" РМК 19-21 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдағы үш күнде найзағайлы жаңбыр,  43°С дейін ыстық күтіледі Алдағы үш күнде найзағайлы жаңбыр,  43°С дейін ыстық күтіледі
Фото: РИА Новости

Кезеңңің басында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. 19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнңің  соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.

Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста – 42°С дейін күтіледі.

Апта талқысында: