Мәзір
17 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

15 қыркүйекке дейін декларацияны кімдер тапсырады?

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс, деп хабарлайды buginmedia.kz.

15 қыркүйекке дейін декларацияны кімдер тапсырады? 15 қыркүйекке дейін декларацияны кімдер тапсырады?
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады.
 

"Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады", - делінген ақпаратта.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:

− eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы» бөліміне өтуі қажет;
− «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;
− мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;
− қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
− «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.

Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады.

Апта талқысында: