Мәзір
23 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Халық әртісі атағын кімдер алды?

Президент Жарлығымен әдебиет және мәдениет саласындағы бір топ азаматқа «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Халық әртісі атағын кімдер алды? Халық әртісі атағын кімдер алды?
Фото: Ақорда

"Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды. «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді", – делінген Ақорда хабарламасында.

Апта талқысында: