Мәзір
14 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Перизат Қайрат жарты млрд қаражат жинап, палестиналықтарға небәрі 7 млн теңге аударған

Ерікті Перизат Қайрат оңалту орталығын салуға, Газа секторы тұрғындарына көмек көрсетуге және су тасқыны салдарынан кейін қазақстандықтарға көмек көрсетуге жиналған қаражатты жеке мақсатында пайдаланды деп айыпталған, деп хабарлайды buginmedia.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Перизат Қайрат жарты млрд қаражат жинап, палестиналықтарға небәрі 7 млн теңге аударған Перизат Қайрат жарты млрд қаражат жинап, палестиналықтарға небәрі 7 млн теңге аударған
Фото: kaztag.kz

Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, Таяу Шығыстағы жағдай 2023 жылғы қазан айында өршіген. Перизат Қайрат осы жағдайды пайдаланып, халықтан көбірек қаражат жинау мақсатында әрекет еткен. Ол үшін 2023 жылдың қазанында Қайрат әскери қақтығыстан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қор атынан Палестина елшілігіне ынтымақтастық туралы келісім жасау жөнінде ұсыныс жасаған.

«Қайрат Instagram әлеуметтік желісінде гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын дәлелдейтіндей видео және фотоматериалдар жариялаған. Алайда бұл видеолардың бірлестіктің гуманитарлық көмегіне еш қатысы жоқ. Олар халықты алдау үшін қолданылған. Нәтижесінде жалпы сомасы 566 миллион теңге көлемінде қайырымдылық қаражаты жиналған. Оның тек 7 миллион теңгесі ғана Палестина елшілігінің шотына аударылған. Қалған 559 миллион теңге Перизат Қайрат пен анасы Алашбаева тарапынан өз қалауынша жұмсалған», – деді прокурор.

Тергеу мәліметіне сай, олар 30 миллион теңгеге Mercedes-Benz автокөлігін, «Sensata Plaza» тұрғын үй кешенінен 86 миллион теңгеге пәтер сатып алған.

Ал ұрланған қаражатты заңдастыру мақсатында айыпталушылар 23 миллион теңгеге жұмыс істеп тұрған «Rebel Flowers» гүл бизнесін сатып алған. Сатып алынған бизнестен Қайрат пен оның анасы 68 миллион теңге табыс тапқан.

Апта талқысында: