Оның айтуынша, Перизат Қайраттың қай жерде жұмыс істейтіні оның біліктілігі мен бос жұмыс орындарына байланысты анықталады.
"Қолайлы бос орындар қаралады. Егер кәсіби дағдылары жеткіліксіз болса, түзеу мекемесінде оқыту курстары немесе колледждерде даярлық жүргізіледі", – деді Қайырбеков.
Вице-министрдің айтуынша, Перизат Қайрат тігін өндірісімен немесе шаруашылық жұмыстарымен айналысуы мүмкін.
"Мекеме ішінде әртүрлі жұмыс бар. Жалақы көлемі істелген жұмыс көлеміне қарай өзгереді, бірақ сотталғандар ең төменгі жалақы мөлшерінен кем алмайды", – деп нақтылады ол.
Сонымен қатар, Қайырбеков Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваны бір колонияға орналастыру мүмкін екенін айтты.
"Оларды бір мекемеге жіберу қарастырылуы мүмкін. Бір немесе әртүрлі отрядта болу мәселесін мекеме ішіндегі жедел жағдай мен қауіпсіздік талаптары бойынша шешеді", – деді ол.
Еске салсақ, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.
Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 9 шілдеде Астана сотында ұрланған қаражаттың жалпы сомасы нақтыланып, 3,5 миллиард теңгені құрағаны айтылды.
Сот Перизат Қайраттың мүлкі мен жылжымайтын мүлкіне тыйым салды. Әңгіме элиталық жылжымайтын мүлік, люкс автокөліктер, қымбат әшекей бұйымдар мен аксессуарлар туралы болып отыр.