Мәзір
14 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, 44 градус ыстық: 15-17 шілдеге ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 15-17 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, 44 градус ыстық: 15-17 шілдеге ауа райы болжамы Қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, 44 градус ыстық: 15-17 шілдеге ауа райы болжамы
Фото: РИА Новости

Синоптиктердің мәліментінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

"Күндіз 16–17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С қатты ыстық күтіледі", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: