Мәзір
10 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шымкентте cүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігітке сот үкімі шықты

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, кейіннен мәйітті қорлаған жігіт сотталды. Жантүршігерлік қылмыс биыл наурыз айында болған,  деп хабарлайды buginmedia.kz Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Шымкентте cүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігітке сот үкімі шықты Шымкентте cүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігітке сот үкімі шықты
Фото: видеодан алынды

Тергеу деректеріне сәйкес, 19 жастағы азамат сүйіктісімен жанжалдасып қалып, сол үшін оны пышақтап кеткен екен. Онымен қоймай, марқұмның денесін толық шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы азғын әрекеттер жасаған. Кейін танысынан көмек сұрап, екеуі мәйітті қаладан тыс аумаққа апарып жасырады.

Сот процесінде аталған деректер дәлелденіп, басты айыпталушы 22 жылға темір торға қамалды. Оған көмектескен серігі де жауапқа тартылды.  

«Басты айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Бұрын сотты болмағаны және жас екені ескеріле отырып, оған түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ал оның серігі кәмелет жасына толмағандықтан және 3-топтағы мүгедектігі бар тұлға екені ескерілгендіктен, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Десе де, рақымшылық актісін қолдана отырып, жаза мерзімі 1 жыл 4 айға дейін қысқартылды», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Апта талқысында: