Мәзір
10 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Алакөл маңындағы аймақтың дайындығы төмен»: Тоқаев кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың дайындық деңгейін сынға алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Алакөл маңындағы аймақтың дайындығы төмен": Тоқаев кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды "Алакөл маңындағы аймақтың дайындығы төмен": Тоқаев кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды
Фото: Max Zolotukhin/Getty Images

Айтуынша, мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударған.

"Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген. Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.

Апта талқысында: